Қазба. XV ғ.
Құрылымы жағынан бұл ғимарат құрметті қонақтарды, жолаушыларды, саудагерлерді қабылдайтын «хан» типтес қоғамдық нысанға ұқсайды. Ол құрметті қонақтар, саудагерлер, саяхатшылар, зиярат етушілер үшін тұрғызылған. Бөлмелердің интерьері ортағасырлық қалалар бөлмелерінің классикалық үлгісінде салынған. Ғимараттың ұзындығы 50 м-ден асады.
Археологиялық қазба жұмыстарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологтары А.Тұрарұлы, А.Жұмабаев жүргізді.