Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Қала қақпасы. Құрылыс. 2023 ж.

Қала қақпасы — туристердің қозғалысын реттеу және бағыттау мақсатында салынған сәулет ескерткіші. Бұл нысан, ең алдымен, келушілердің қала аумағына жүйелі және ыңғайлы түрде енуін қамтамасыз етеді. Қақпа құрылысын жобалау және тұрғызу барысында көне деректер мен архивтік материалдарға сүйеніп, өткен замандардағы сәулет стилі мен элементтері негізге алынды.

Қақпаның көлемі ұзындығы 18 метр, ені 11 метр, биіктігі 7 метр. Қақпа есігі ағаштан жасалынған, темір оюлармен әсемделген. Қақпаның ішкі құрылымында екі бөлме жасақталған. Бұл бөлмелер туристік және әкімшілік мақсаттарға қолдануға қолайлы етіп жобаланған. Қақпаның жоғарғы бөлігіне көтерілгенде, алыстан Сарайшық қаласының көне орны толықтай көз алдыңызға ашылады. Бұл көрініс келушілерге аймақтың тарихи кеңістігін сезініп, тереңірек түйсінуге мүмкіндік береді.

Аталған нысан өңірдегі туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында да пайдаланылып отыр. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы жүзеге асырылып, «Қазқайтажаңарту» республикалық мекемесі туристерге арналған қаланың батыс қақпасын тұрғызды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97