Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Балық кәсіпшілігі өндірісі орны. Реставрация. XV ғ.

Балық аулау және өңдеу кәсіпшілігіне арналған өндірістік орын. Кешеннің негізгі қызметі – өзен-көлдерден ауланған балықты тұздау, кептіру және сақтау сияқты өңдеу процестерін жүзеге асыруға бағытталған. Мұндай орындар сол заманғы тұрғындардың шаруашылық құрылымында маңызды рөл атқарған, әсіресе су жанындағы қауымдар үшін негізгі табыс көздерінің бірі саналған.

Балық шаруашылығына қатысы бар нысаннан жерге көмілген ірі қыш ыдыстар орналасқан шаруашылық алаңы табылды. Оның оңтүстік жағында саман кірпішті қабырға бөлігі мен төртбұрышты пеш орны сақталған. Бұл жер ортағасырлық қала цитаделінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқаны анықталып отыр. Алаң көлемі шамамен 12х13 м. Археологиялық қазба жұмыстары барысында бұл нысаннан балық тұздауға арналған ірі көлемді қыш және тас ыдыстар, сондай-ақ қармақ, ау тоқуға арналған бұйымдар, тұрмыстық заттар мен айналымда болған тиындар табылды.

2022 жылы бұл жерге алғаш «Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы» КМК-нің тапсырысы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қазба жұмысын жүргізді. 2023 жылы бұл қазбадағы зерттеулерді «Бозоқ» музей-қорығы жалғастырды. Ал 2024 жылы «Сарайшық» музей-қорығы археологтары осы алаңды зерттеді. Зерттеу нәтижелері мен табылған артефактілердің негізінде бұл өндірістік нысан 2025 жылы арнайы экспозиция ретінде көпшілік назарына ұсынылды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97