Моншақтар. XIV ғ.
Сарайшық қаласында жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде ХІІІ–ХІV ғасырларға жататын моншақтар табылды. Олардың негізгі бөлігі бір түсті шыныдан жасалған: ақ, көк, жасыл, қоңыр және қара. Моншақтар әртүрлі пішінде кездеседі – шар тәрізді, зоналық, бөшке тәрізді және сақина тәрізді. Ал ою-өрнекті моншақтар жалпы шыны моншақтар санынан аздау. Ою-өрнектерге қарай моншақтар дақты, жасушалы және толқынды болып бөлінеді. Толқынды сызық тәрізді ою-өрнек жолақты моншақтарда спираль түрінде бірнеше рет қайталанып, тесіктің бір шетінен екінші шетіне дейін созылған. Бисердің әртүрлі түрлерінің кең таралуы мен бір-біріне ұқсастығы зергерлік бұйымдардың белгілі түрлеріне сұраныс болғанын, яғни сол кездегі сәннің дамығанын көрсетеді. Сонымен қатар моншақтардың түстері – көк, ақ, қара – белгілі бір мағынаға ие болған болуы мүмкін.









