Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Қазақ хандығы залы. 3 витрина

Түбектер. XIII-XIV ғғ.

Бесік — қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық сәби төсегі. Жаңа туған нәрестені жатқызуға арналған, ағаштан жасалған, ыңғайлы әрі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай құрылымның бір бөлшегі — түбек. Ортағасырдағы түбектер құмыра тектес, өрнектелмеген тұрмыстық ыдыс болды. Жиегінің шеті жұқа болса да, тік бұрыштандырыла кеңінен қайырылған, түбі жалпақ болып жасалды. Олар көбінесе балалардың бесігіне арналған гигиеналық ыдыс ретінде кеңінен қолданылған. Мұндай түбектер күнделікті тұрмыста қарапайым, бірақ пайдалы құрал ретінде қызмет еткен.

 

Шүмектер. ХІ-XIV ғғ.

Бесіктің тағы бір бөлігі — шүмек. Ортағасырдағы шүмектер ұл бала мен қыз балаға арналған, бесікке бөлегенде гигиеналық тазалық сақтау үшін қолданылған тұрмыстық құрал болды. Олар көбіне саздан, шыныдан, сүйектен жасалып, қарапайым пішінді болып келген.

 

Тостағандар. XIII-XIV ғғ.

Ортағасырлардағы тостағандар күнделікті тұрмыста сусын ішуге немесе тағам беру үшін қолданылған. Олар көбіне саздан жасалып, домалақ немесе дөңгелек пішінді болды. Тостағандардың кейбірі қарапайым, кейбірі жеңіл өрнектермен безендірілген. Мұндай ыдыстар сол дәуірдегі тұрмыстық мәдениеттің маңызды бөлігі болған.

 

Құрылыс кірпіштері. XIV ғ.

Ортағасырдағы құрылыс кірпіштері қыштан жасалып, ғимараттарды тұрғызуда кең қолданылған. Кейбір кірпіштердің бетінде қасқыр ізі қалдырылған, бұл сол кезде «сәттілік» белгісі ретінде есептелген. Мұндай кірпіштер тек қана құрылыс материалдары ғана емес, сонымен бірге мәдени және символдық мәнге ие болған.

 

Сәулеттік әрлеу тастары. XIII-XIV ғғ.

Бұлар негізінен құрамында темірі көп балшық пен кашиннен жасалған, глазурь жалатылған, суреттері бір жағына ғана салынған, өсімдік өрнектермен әшекейленген, ақық, ультрамариндік және ақ түсті сырлы жұқа кірпіш. Мозаика тастарының құрамын темір көп балшық пен кашиннен жасалған, негізгі ақық түс, ультрамариндік және ақ түстер болған, сары мен қызыл бояуларды сирек пайдаланған, жапсырмалық плиткалар ішкі бөлмелердің еденіне төсеуге де пайдаланған.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97