Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Қазақ хандығы залы. 2 витрина

Жебе. XIV ғ.

Ортағасырдағы жебе қару-жарақтың маңызды түрі болған. Сарайшық қаласының қазба орнынан табылған жебе әскери қақтығыстарда және аңшылықта қолданылғанын көрсетеді. Ол көбіне темірден жасалып, ұшы үшкір әрі берік етіп соғылған. Мұндай олжалар Сарайшықтың әскери және қорғаныс маңызы жоғары қала болғанын дәлелдейді.

 

Қылыш. XVII-XVIII ғ.

Қайқы қылыш — жүзінің бір жағы өткір, екінші жағы жалпақ және сәл дөңестеу (қайқы) болып келетін суық қару. Бұл қылыш түрі шабуыл кезінде тиімділік беретіндіктен атты әскерге өте ыңғайлы. Қылыштың ұзындығы шамамен 80–100 см, кейде одан да ұзын нұсқалары кездеседі. Сабы (тұтқасы) – әдетте сүйектен, мүйізден немесе ағаштан жасалып, безендіріліп отырған. Қыны (қынабы) – былғарыдан немесе темірден жасалып, көбінесе ою-өрнекпен сәнделген.

 

Найзаның ұшы. XIII-XIV ғғ.

Ортағасырлардағы найзаның ұшы қару ретінде қолданылатын найзаның негізгі соғысқа арналған бөлігі болды. Ол металлдан, көбіне темірден, кейде қола немесе болаттан жасалды. Найзаның ұшы үшкір әрі берік болып соғылып, қарсыласқа соққы беруге ыңғайланған. Ұш саптың ұшына мықтап бекітіліп, шайқаста тиімді пайдаланылды.

 

Өртегіш ядро. XIV ғ.

Өртегіш ядро — ішіне жанғыш заттар (мысалы, күкірт, шіріген материялар, май, шайыр, селитра) салынған, жау нысандарына от қою үшін қолданылған ядро түрі. Жасалған материалы — көбіне металлдан немесе керамикадан, кейде қалың қабатты матадан немесе теріден жасалған. Бұл ядролар катапульта, баллиста, кейінірек зеңбірек (қалмақ пушкасы) арқылы лақтырылған. Кейбір жағдайларда улы түтін шығаратын заттар қосылып, уытты қару ретінде де қолданылған.

 

Қоладан жасалган айналар. XIV ғ.

Қола (мыс пен қалайының қосындысы) балқытылып, арнайы қалыпқа құйылған. Айнаның беті жылтыратылып өңделген, кейде арнайы қышқылмен өңдеу арқылы айнадай шағылыстыратын етіп жасалған. Кейбір айналарда ою-өрнек, мифологиялық бейнелер, жануарлар, күн символдары бейнеленген. Айна тек тұрмыстық зат емес, рәсімдік құрал да болған.

 

Қоладан жасалган құлып, жылқы бейнесіндегі құлыптар. ХІV ғ.

Ортағасырдағы қоладан жасалған құлыптар әдетте заттарды, қақпаларды немесе қораларды қорғауға арналған. Кейбірі сәндік элемент ретінде жылқы бейнесінде жасалып, тек қорғаныс қызметін атқармай, сонымен бірге көркемдік мәнге ие болды. Мұндай құлыптар қоладан құйылып немесе мықтап өңделіп дайындалған. Олар сол дәуірдегі металл өңдеу шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетеді.

 

Туймелер. XV-XVI ғғ.

Ортағасырларда Сарайшық қаласының қазба орнынан табылған түймелер көбіне сүйектен жасалған. Бір түйменің ортасында тесігі бар және ол қатарынан жүргізілген екі сызықпен әрленген. Екінші типтегі түймелерде бес тесік болып, оларды тігу немесе бекіту тәсілі бойынша ерекшеленген. Мұндай түймелер сол дәуірдегі киімдерді сәндеуде және функционалды түрде қолданылғанын көрсетеді.

 

Суйектен жасалынган балық аулау құралдары. XV-XVI ғғ.

Ортағасырларда сүйектен жасалған балық аулау құралдары ауыл шаруашылығында және күнделікті тұрмыста кең қолданылған. Мұндай құралдар берік әрі жеңіл болғандықтан, суларда тиімді пайдаланылған. Олар сол дәуірдегі балық аулау технологиясы мен халықтың тұрмысын жақсы көрсетеді.

 

Суйектен жасалынган буйымдар. XV-XVI ғғ.

Сарайшық қаласының қазба орнынан табылған сүйектен жасалған бұйымдар ортағасырларда тұрмыста кеңінен қолданылғанын көрсетеді. Оларға сүйектен жасалған арқан есуге арналған құралдар, тері өңдеуге арналған әртүрлі өңдеуші құралдар да кіреді. Мұндай бұйымдар берік әрі жеңіл болып, күнделікті шаруашылық жұмыстарында тиімді пайдаланылған.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97