Амфора. XV ғ.
Амфора – бұл ежелгі өркениеттерде қолданылған, екі тұтқасы бар, ұзын мойынды және негізі сәл ойыс ыдыс. Ол негізінен сұйық және құрғақ заттарды сақтау, тасымалдау үшін қолданылған. Бұл амфораның шанағы жұмыртқа тәріздес, төменгі жағы сәл кеңейген, ал мойны қалыңдап, тегіс ернеуге ұласады. Ернеуге қалың тұтқа бекітілген, ол ыдысты ұстап, тасымалдауға ыңғайлы етеді. Түбінің диаметрі аузынан үлкен, бұл амфораның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ыдыстың сырты көлденең сызықтармен әшекейленген, олар тек көркемдік мәнге ғана ие емес, сонымен қатар амфораның ұстауына жеңілдік береді.
Құмыралар. XVI ғ.
Бұл құмыралар қызыл саздан жасалған және іші глазурленген, бұл ыдысты сұйықтық сақтау үшін ыңғайлы етеді. Ауыз бөлігі сынғанымен, құмыраның жалпы формасы анық көрінеді: аузы мен түбінің диаметрі шамалас, бұл оны тұрақтылықты сақтауын жақсартады. Сыртқы беті қызыл қыштан болғандықтан, өртелу барысында беріктік пен қалыңдыққа ие болып, құмыраларды ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік берген. XVI ғасырдағы мұндай құмыралар негізінен тұрмыстық қажеттіліктерге, кейде саудада қолданылған.
Көзе. ХІV ғ.
Бұл көзе саз балшықтан жасалған және дәстүрлі тұрмыста кеңінен қолданылған тұрмыстық ыдыстардың бірі. Көзе негізінен сұйықтық немесе сусын құюға арналған, сонымен қатар сүт, айран, қымыз сияқты тағамдарды сақтау үшін пайдаланылған. Оның кең мойны мен тұрақты негізі ыдыстың оңай толтырылуы мен тасымалдануын қамтамасыз етеді. Көзе өртелген саздан жасалғандықтан, беріктікке ие және ұзақ уақыт қолдануға жарамды болған. Сонымен қатар, кейбір көзелердің сырты әртүрлі өрнектермен немесе көлденең сызықтармен безендірілген.
Мескейлер. XIV ғ.
Мескейлер — дәстүрлі тұрмыста қолданылған шағын ыдыс түрі. Мескейлер жеке ыдыс ретінде пайдаланылады және негізінен сұйық тағам немесе сусын ішуге арналған, кейде шәй құю үшін қолданылады. Шағын өлшемі мен жеңіл салмағы мескейді тасымалдауға ыңғайлы етеді, сондықтан олар жеке немесе отбасы мүшелерінің жеке пайдалануына арналған.
Құмыра. XIII-XIV ғғ.
Бұл құмыра тұрмыста кеңінен қолданылған саздан жасалған ыдыс. Құмыраның негізгі қызметі — сұйықтықты немесе азықты сақтау. Саздан күйдіріліп жасалғандықтан, беті беріктікке ие болып, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды.









