Кыш кұмыралар. Ерте темір дәуірі.
Қыш құмыралар ерте темір дәуіріндегі (б.з. II–IV ғасырлар) халықтың тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолданылған тұрмыстық бұйымдар болып табылады. Олар негізінен тамақ пен әртүрлі сұйықтықтарды сақтау, дайындау мақсатында пайдаланылған. Құмыралар қолмен жапсыру әдісімен жасалған. Пішіні домалақ, бүйірі шығыңқы, мойны қысқа, аузы кең болып келеді. Түбі жалпақ, тұрақты тұруға ыңғайлы етіп жасалған.
Тас балға. Неолит кезені.
Тас балғаның басы неолит дәуіріне жататын еңбек құралы болып табылады. Жәдігер сынық күйінде табылған, бұл оның ұзақ уақыт пайдаланылғанын немесе тұрмыстық қызмет барысында зақымданғанын көрсетеді. Бұйым тастан жасалған, өңдеу барысында соғу, қашау және тегістеу тәсілдері қолданылған. Балғаның басы бастапқыда ағаш сапқа бекітуге арналған болып, ол соққы күші мен төзімділікті арттыру мақсатында дайындалған.
Келісап. Кола дәуірі.
Кола келісап – қола дәуіріне жататын тұрмыстық еңбек құралы. Құрал негізінен дәнді дақылдарды, өсімдік тұқымдарын немесе әртүрлі қатты заттарды үгітуге, ұнтақтап, майдалауға арналған. Пішіні созылыңқы, ұстауға ыңғайлы, соққы беретін бөлігі жуан болып келеді. Мұндай құрылым құралдың тиімділігін арттырып, ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік берген.
Қайрақтас. Неолит дәуірі.
Қайрақтас – неолит дәуірінің еңбек құралы болып табылады. Жәдігер қатты тас жыныстан жасалған. Құралдың пішіні төртбұрышты болып келеді. Өңдеу кезінде соғу, қашау немесе тегістеу тәсілдері қолданылған, бұл оның тиімділігін және беріктігін арттырған.
Микролиттер. Неолит дәуірі.
Микролиттер – неолит дәуіріндегі ұсақ тас құралдар. Жәдігерлердің саны өте көп кездеседі, бұл сол кезеңдегі адамдардың қару-жарақ пен құралдарды жүйелі түрде өндіргенін және күнделікті өмірде кеңінен қолданғанын көрсетеді. Микролиттер әдетте ұсақ, өткір, тегіс немесе сәл ойықталған пішінді болып келеді. Олар негізінен қару-жарақ немесе тұрмыстық құралдардың ұштарын жасауға, кесу, қырку немесе ойық жасауға арналған.
Кремний. Неолит дәуірі.
Кремний құралдары – неолит дәуірінің негізгі еңбек құралдарының бірі. Олар қатты кремний тастан жасалған және аңшылықта, дәнді дақылдарды өңдеуде, ағаш пен сүйекті кесу, ойық жасау сияқты тұрмыстық әрекеттерде кеңінен қолданылған. Өндірісінде тас соғу, қашау немесе ұсақтау әдістері қолданылған, бұл құралдардың өткірлігі мен тиімділігін қамтамасыз еткен.
Тасқа айналган суйек. б.з.д.
Тасқа айналған сүйек – ежелгі адамзат тарихының маңызды археологиялық жәдігері. Бұл зат табиғи немесе палеонтологиялық процестер арқылы қатаю, минералдану нәтижесінде тасқа айналған.
Сүйек. Ерте темір дәуірі.
Сүйек – ерте темір дәуіріндегі тұрмыстық және еңбек құралдарының негізгі материалдарының бірі. Жәдігер көбінесе жануар сүйектерінен жасалған және әртүрлі тұрмыстық немесе шаруашылық мақсаттарға пайдаланылған. Сүйекті өңдеу кезінде қашау, ойық жасау, тегістеу және кейде өрнектеп әшекейлеу әдістері қолданылған. Бұл құралдар сол дәуірдегі адамдардың технологиялық шеберлігін, күнделікті өмірдегі практикалық қажеттіліктерін және материалдарды тиімді пайдалануды көрсетеді.
Шырағдандар. Ерте темір дәуірі.
Шырағдандар – ерте темір дәуіріндегі тұрмыстық заттардың бірі. Бұл бұйымдар от жағуға, жарық немесе оттық ретінде пайдалану үшін жасалған. Оларды жасау үшін саз балшық қалыпқа келтіріліп, кейін күйдіру арқылы беріктендірілген. Пішіні қарапайым, бір шетінде ұстауға арналған сабы бар, бұл қолдануға ыңғайлы етіп жасалған. Қолдану кезінде қойдың құйрық майы ерітіліп құйылады да, оған ысылған жіп салып от жағылған.
Сақ-сармат дәуірі жебелері.
Жебелер – Сақ және Сармат дәуірінде қолданылған әскери құралдардың бірі. Олар аңшылықта да, соғыста да кеңінен пайдаланылған. Жебелердің ұштары темірден, қола қорытпасынан жасалған және пішіндері бойынша тіке, доғал, екі қалақты немесе үш қалақты болып әртүрлі стильде орындалған. Ұштары арнайы кигізбелі немесе кіргізбелі болғандықтан, қалпақшасында дұрыс қондыруға мүмкіндік беретін арнайы ойықтар жасалған.









