Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Хорезм кұмырасы

Хорезм кұмырасы. XIII-XIV ғғ.

Құмыра 2003 жылы Сарайшық қазба орнында табылған. Алтын Орда дәуірі кезеңіне тиеслі Ұлы Жібек жолымен келген импорттық тауарлар санатына жатады. Сынық күйінде табылып, кейін реставрациядан өткен. Құмыра қара керамикадан хорезмдік стильде жасалған. Мойын бөлігі сүйірлене келген, жалпы пішіні дөңгеленген, ал ұстайтын жері қалың әрі берік етіп жасалған. Бұйымның сыртқы беті көркемдік тұрғыда безендірілген: құмыраның дене бөлігінде көлденең бағытта терең ойылған сызықтар жүргізілген, ал ауыз бөлігінен ортасына дейін үш жағынан тігінен орналасқан жіңішке сызықтар салынған. Түбі тегіс, өрнексіз қалдырылған.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97