31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Атырау қаласындағы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «КСРО-дағы қуғын-сүргін: Прорва және Астрахань лагерлері (1932-1950 жж.)» атты көрмені өткізді. Көрме музей-қорықтың «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» ғылыми-зерттеу жобасы нәтижелері бойынша ұйымдастырылды. Көрме мақсаты саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу және музей қорына түскен жәдігерлерді насихаттау болды. Көрменің ашылу салтанатында музей басшылары мен қызметкерлері, студенттер қатысты.