ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ: САРАЙШЫҚ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ

8 маусым күні «Гәнжә мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының» ұйымдастыруымен «Қорықтар арасындағы мәдени байланыстарды дамыту және мәдени мұраны дәріптеу» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Аталған ауқымды іс-шараға «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғалымдары қатысып, құнды зерттеулерімен бөлісті: 🔸Каримова Карина (ғылыми қызметкер) — «Сарайшықтан табылған әйелдер әшекейлері: қазақстандық және шетелдік артефактілермен салыстырмалы талдау»;
🔸Байғалиев Жүніс (археолог) — «Сарайшық ақша сарайы және оның соғылымының айналым аймағы»;
🔸Жұмабаев Амангелді (ғылыми хатшы, археолог) — «Сарайшықтың қыш бұйымдарын зерттеу: тарихнама және мәдени мұра».
Ғалымдарымыздың баяндамалары қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, ортағасырлық Сарайшық қаласының мәдени, экономикалық және халықаралық байланыстарын тағы бір қырынан айшықтады. Халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады!




