Элиста қаласында «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми жұмыстары таныстырылды
Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғалым хатшысы Амангелді Жұмабаев Ресей Федерациясының Элиста қаласында Н. Пальмов атындағы Қалмақ ұлттық музейінің құрылғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Музейный диалог: Взгляд на Восток» атты халықаралық конференция жұмысына қатысуда.
Конференция аясында «Сарайшық» музей-қорығының директоры, профессор Әбілсейіт Мұқтардың Қалмақ ұлттық музейінің 105 жылдығына арналған құттықтауы жеткізіліп, музей ұжымына естелік сыйлық табысталды.
Пленарлық отырыста Амангелді Жеңісұлы «Научно-исследовательская деятельность музея-заповедника «Сарайшык» в 2020–2026 годах: основные направления и результаты» тақырыбында баяндама жасап, қатысушылардың қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.




