Бесікті мектеп-интернатының шәкірттеріне арналған ерекше музей сабағы

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Бесікті мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне арнап қызықты әрі тағылымды музей сабағын өткізді.
Шара барысында оқушылар көне шаһардың терең тарихымен, археологиялық құндылықтарымен және бабалар мұрасымен жақыннан танысты. Сабақтың ең қызықты бөлігі — балалардың «Saraishyq Upgrade» байқауының жүлделі анимелерін тамашалауы болды. Оқушылар заманауи анимация тілінде сөйлеген тарихты үлкен қызығушылықпен көріп, кейін өз әсерлерімен бөлісіп, өзара қызу талқылады.
Бұл кездесу балалардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихты жаңа заманауи форматта қабылдауларына жол ашты. Шәкірттерге рухани азық сыйлаған музей ұжымына мектеп әкімшілігі ризашылығын білдірді.




