«Таза Қазақстан»: тазалық пен тағылым үндестігі

«Сарайшық» музей-қорығы мен «Жеті жарғы» қоғамдық қоры Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен бірлесе «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ортағасырлық Сарайшық қаласы орнының аумағында «Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау клубының жастары тазалық жұмыстарын жүргізді. Игі бастама барысында жастар тарихи аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, көне қаланың тарихымен танысып, «Сарайшық» сапар орталығының экспозициясын тамашалады.
Тазалық пен танымды ұштастырған шара жастардың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және тарихи-мәдени мұраға жанашырлықпен қарауға бағытталды.
Тарихты құрметтеу – өткенді танудан, туған жерді аялаудан басталады!




