«Сарайшық» музей-қорықтың мамандары ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

🔸 Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Туған өлке тарихы: тарихи мұра, жасанды интеллект дәуіріндегі білім мен нәтиже» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға музей-қорықтың мамандары қатысып, өлке тарихы, археология және тарихи-мәдени мұраны насихаттау бағытында мазмұнды баяндамалар жасады.
🔹 Музей-қорықтың ғылыми қызметкері Каримова Карина Ғибадатқызы «Ұлы дала өркениеті және қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы» тақырыбында баяндама жасап, ұлттық тарихтың маңызды қырларына тоқталды.
🔹 Музей археологы Жақсылықов Ернар Сәттарұлы «Археолог көзімен: Сарайшық бізге не айтады?» тақырыбында баяндама жасап, соңғы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.
🔹 Музейдің экскурсия жетекшісі Мысабаева Толқын Ерболатқызы «Сарайшық Сапар орталығындағы балалар музейі» тақырыбын таныстырып, жас ұрпаққа тарихи мұраны насихаттаудың заманауи тәсілдеріне тоқталды.
🔸 Шара барысында мектеп оқушылары мен жас мамандар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, тарихи зерттеулерді цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды. Конференция соңында белсенді қатысушылар марапатталды.
🔸Осындай ғылыми-танымдық кездесулер жас ұрпақтың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттырып, тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен дәріптеуге ықпал етеді.




