Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Халықаралық байланыс жалғасуда

Халықаралық байланыс жалғасуда

Бүгін “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы өзара ынтымақтастық келісім аясында Қырғыз Республикасы, Ош қаласының Ұлттық тарихи-археологиялық “Сулайман-Тоо” музей кешенімен кездесу өткізді. Кездесу барысында “Сарайшық” музей-қорығының директоры Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы мен “Сулайман-Тоо” музей кешенінің директоры Апарханов Медербек Эсенгельдиевич сөз сөйлеп, кездесуге қатысушы мекемелердің қызметкерлерін таныстырды. Сондай-ақ екі тараптың атқаратын негізгі жұмыстарын баяндап, болашақ жоспарларымен бөлісті. Екі тарап алдағы уақытта ынтымақтастық келісім шарт негізінде тығыз жұмыс жасауға уағдаласты.