Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Әзербайжандық қонақтар Сарайшықта

 «Сарайшық» сапар орталығына Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрлігіне қарасты Сумгаит мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы келіп, көне Сарайшық қаласының тарихымен танысты.
Келген қонақтар:
– бизнес басқару кафедрасының профессоры Шафа Алиев;
– энергетика кафедрасының меңгерушісі, физика ғылымдарының докторы, доцент Алигулиева Хаяла Вагиф қызы;
– математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер кафедрасының оқытушысы, математика ғылымдарының кандидаты Насирова Лейла Видади қызы;
– тарих, география және әдістеме кафедрасының доценті, тарих және география факультетінің өкілі Юсифали Латиф оғлы Гасанов.
Сапар барысында қонақтарға Сарайшықтың тарихи және мәдени мұрасы кеңінен таныстырылды.