Medieval Saraishyq - the capital of the Kazakh Khanate
RSPE State Historical and Cultural Museum-Reserve "Saraishyq"
Virtual tour

Ортағасырлық Сарайшықта ауқымды жұмыстар жүріп жатыр

2023 жыл ортағасырлық Сарайшық үшін бұрын соңды болмаған ауқымды ғылыми зерттеулермен, қайта қалпына келтіру жұмыстарымен ерекшеленеді.
1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті қолдауымен ғылыми жоба аясында 2021-2022 жылдардағы №3 қазба орындарында қазба жұмыстары жалғасты, алтынордалық кезеңнің қоғамдық ғимарат бөлмелері ашылды, ноғай-қазақ кезеңіндегі жеке үй моншасы табылды.
2. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қолдауымен ғылыми жоба аясында 800 ш.м. жерде жаңа ғылыми зерттеулер басталып, Жайық өзені жағынан басталатын көшенің орны ашылды.
3. Атырау облысы әкімдігі қаржысымен 2022 жылы басталған №1 қазба орында «Бозоқ» музей-қорығы қазба жұмыстарын жалғастырып, ортағасырлық тұрғын үйлердің орны тазаланды.
4. Атырау облысы әкімдігі қаржысымен Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 3000 ш.м. жерге ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Қазба барысында жаңа нысандар анықталуда.
5. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазқайтажаңарту» РМК ортағасырлық Сарайшықтың аумағына кіретін, туристерге арналған қақпа құрылысын аяқтауда.
6. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазқайтажаңарту» РМК ескерткіш аумағындағы ортағасырлық тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру жұмысын бастады.
7. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржысымен «Сарайшық» музей-қорығының ғалымдары Ресей архивтерінен Батыс Қазақстан өңіріндегі алтынордалық ескерткіштерге қатысты жаңа деректерді іздестіруді жалғастыруда.
Аталған жұмыстардың жүзеге асуымен ашық аспан астындағы музей экспозициясын жасақтау жолға қойылады. Зерттеу жұмыстары алдағы жылдарда да жалғасады.
 
Work schedule

Monday/Sunday: 09:00-18:30

No lunch / days off

Feedback

Tel/Fax:+7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru