Medieval Saraishyq - the capital of the Kazakh Khanate
RSPE State Historical and Cultural Museum-Reserve "Saraishyq"
Virtual tour

Сарайшық музей-қорығы Аққыстауда

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Исатай ауданы, Аққыстау селосындағы Жалын мәдениет үйінде "КСРО-дағы қуғын-сүргін: Прорва және Астрахань лагерлері (1932-1950 жж.)" атты көрмені өткізді. Көрме музей-қорықтың ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен ұтып алып, 2020-2022 жылдары аралығында орындаған «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» ғылыми-зерттеу жобасы нәтижелері бойынша ұйымдастырылды. Көрме мақсаты саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу және музей қорына түскен жәдігерлерді насихаттау болды. Көрменің ашылу салтанатына аудан тұрғындары, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, мектеп мұғалімдері, оқушылары қатынасып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шараларды тек 31 мамыр күні емес, жиі ұйымдастыру туралы ойларымен бөлісті.

Work schedule

Monday/Sunday: 09:00-18:30

No lunch / days off

Feedback

Tel/Fax:+7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru