«Жас музейтанушы» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда!

📍 «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында өткен кезекті сабақ барысында оқушылар көне тарихи нысандармен танысып, танымдық әрі қызықты бейнебаян тамашалады.
🎥 Тарихтың тереңіне бойлап, ата-бабаларымыздың бай мұрасы туралы тың мәліметтер алды.
✨ Бұл — балалардың тарихқа деген қызығушылығы мен ізденімпаздығын арттырған ерекше сәттердің бірі.
🤝 Ұлттық мұрамызды құрметтеп, оны болашаққа жеткізетін жас буынның қатары көбейе берсін!




