Жәдігерлерге ғылыми паспорт әзірленуде

Жылдық жоспарға сәйкес, мұражай қорындағы сақталған материалдарға ғылыми паспорт толтыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биылғы меже — 150 жәдігерді толықтай ғылыми сипаттамадан өткізу.
Қазіргі таңда мұражайымыздың ғылыми қызметкерлері Е. Жақсылықов пен А. Мұстажап құнды жәдігерлерді зерттеп, олардың ғылыми паспортын жасақтады.
Тарихты құжаттап, келешекке аманаттау бағытындағы бұл маңызды жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.




