Жапон ғалымымен дөңгелек үстел
🔰 2026 жылғы 21 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастыруымен «Шыңғыс хан ұрпақтары және Жошы Ұлысының тарихи кеңістігі: деректану мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді.
Іс-шараға Жошы Ұлысы тарихы, қолжазбалар мен Шыңғыс хан әулетінің генеалогиясы бойынша маманданған жапон зерттеушісі Хироюки Нагаминэмен қатысуымен өтеді. Дөңгелек үстел аясында ортағасырлық Сарайшықтың тарихына қатысты деректану мәселелері талқыланады.
🕑 Уақыты: 21 мамыр 2026 жыл, сағат 14:30
📍 Өтетін орны: Сарайшық ауылы, «Сарайшық» сапар орталығы




