Жаңалықтар

Сарайшықтағы №2 қазбадағы ортағасырлық көшенің бойында орналасқан тұрғын жай бөлмелерінің бірінен еденге қазып отырғызған екі қыш қазан табылды. Ішкі интерьері классикалық түрде жасалған бөлменің көлемі 4,2х3,2 м. Суфа ішіне тандыр пеш салынып, «жылы еден» жүйесіне ұқсас кан жүйелері жүргізілген. Болжам бойынша қыш қазандар тағам сақтауға арналған деп есептелді. Қазба барысында бұл бөлмеден қыш қазандардан басқа бірнеше бүтін сақталған қыш ыдыстар да табылды. №2 қазбаның жетекшісі Айбек Тұрарұлы.



