Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Жаңа жылға – жаңа бастама

Бүгін “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында” 2020 жылдың алғашқы Ғылыми кеңес отырысы өтті. Ғылыми кеңеске Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеттің ғалымдары, өлкетанушылар, облыстық мекеме басшылары, сонымен қатар Сарайшық музей-қорығының ардагерлері, ауыл ардагерлері мен мекеме басшылары қатысты. Ғылыми кеңестің күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе “2019 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер” жөнінде музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Қ.Мұқтар баяндады. Директор орынбасары А.Тұрарұлы “Сарайшықтың археологиялық жұмыстары”, ғылыми қор бөлімінің меңгерушісі О.Сағынбаева музей қорының мәселелерін айтып толықтырды. Келесі қаралған мәселені “Музей-қорығы және ғылыми кеңестің 2020 жылы арналған жұмыс жоспарын бекіту” туралы ғалым хатшы Ж.Диярова айтты. Ғылыми кеңес мүшелері 2020 жылға арналған Ғылыми кеңес жоспарын бекітті. Музей -қорық қызметкері А.Жұмабаев “Сарайшықтың 10 кереметін”, Ж.Байғалиев “Сарайшықтың – Виртуалды турымен” таныстырды. Отырыс барысында атқарылған жұмыстар, археологиялық зерттеулер және Сарайшықтың болашақтағы мақсаттарына байланысты сұрақтар қойылып, ұсыныстар білдірілді. Жиын соңында Ә.Қ.Мұқтар алдағы уақытта Ғылыми-әдістемелік кеңес құру және 28-ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жоспарланған дөңгелек үстел туралы мәліметтер берді.