Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Жаңа мекендер анықталды

Жаңа мекендер анықталды

“Сарайшық” музей-қорығы 2021 жылы «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-XV ғғ.)» ғылыми жобасын орындау барысында облыс аумағынан көптеген жаңа археологиялық нысандарды анықтаған болатын.

Солардың ішінде Ащысай мекені, Ащысай 1 тұрағы, Ащысай 2 тұрағы, Шойтас тұрағы, Есмахан тұрағы, Бурабай тұрағы секілді тарих және мәдениет ескерткіштерінің құжаттамасын жасақтап, мемлекеттік қорғау тізіміне енгізу үшін Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығына тапсырды.