Жақсылық ешқашан ұмытылмайды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2020 жылы жарияланған «Бірігіп әлемді жақсартайық» атты қайырымдылық акциясын қорытындылады.
Акция барысында музей қызметкерлерінің өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын сату арқылы жергілікті Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің шағын орталық тәрбиеленушілеріне ойыншықтар алынды. Мектеп директоры Ғ.Қ.Жексенбаева, шағын орталықтың меңгерушісі Н.А. Мастекова музей қызметкерлеріне алғыс айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Ойыншықтарға қуанған сәби күлкісінен артық сый жоқ екенін тағы бір рет сезінгенімізге біз де риза болдық.




