Демеушілік – ортақ құндылық
“Сарайшық” музей-қорығының дамуына үлес қосып, қолдау көрсетіп келе жатқан серіктес Torus.kz мекемесіне шынайы алғысымызды білдіреміз!
2019 жылдан бері жалғасып келе жатқан ынтымақтастығымыз аясында музей-қорықты цифрландыру және жаңа технологияларды дамыту бағытында маңызды жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, “Сарайшық” музей-қорығының ресми сайты ашылып, экспонаттардың 3D форматтағы үлгілері жасалды, виртуалды тур әзірленіп, музей-қорық жәдігерлерін жандандыру бағытында жұмыстар жүргізілді. Бұл бастамалар музей қорын заманауи форматта таныстыруға, мәдени мұраны кеңінен насихаттауға және келушілерге жаңа мүмкіндіктер ұсынуға жол ашты. Осы жылдардағы жемісті серіктестіктің нәтижесінде Torus.kz мекемесі музейімізге екі салқындатқышты сыйға тартты. Бұл – “Сарайшық” музей-қорық ұжымына көрсетілген зор қолдау әрі әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Мәдени мұраны сақтау мен музей ісін дамыту жолындағы әрбір қолдаудың маңызы зор. Ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан серіктестігіміз нығайып, алдағы уақытта да жаңа бастамалар мен игі істерге ұласа берсін!




