Зайнолла Самашев 73 жаста
Бүкіл саналы ғұмырын бір мақсат пен мүдде жолына, өмірінің қымбат кезеңдерін сүйікті ісіне арнаған археолог Зайнолла Самашевтің есімі Сарайшық тарихына алтын әріптермен жазылып қалғаны хақ. Түркі әлемінің алтын бесігі – Алтайда туып, Атыраудай киелі мекеннің көне мұраларын әлемге жарқырата танытқан, ғылымға теңдессіз жаңалықтарымен танылған Зайнолла ағаның бүгін туған күні.
1989 жылдан бері Атырау аймағын зерттеп, Алтын Орда кезеңінің ірі орталығы Сарайшықта ұзақ жылдар қазба зерттеу жұмыстарын жүргізіп, іргелі еңбектерін жариялаған Зайнолла ағаға жаңа жасына құтты болсын айта отырып мықты денсаулық, отбасына амандық, еңбегінің жемісін ұзағынан көруді тілейміз.




