Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
«Сарайшық” музей-қорығы «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» жобасы аясында “Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының “Алжир” мемориалды -музей кешенімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде тараптар өзара тиімді ынтымақтастық үшін ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру бағытындағы жұмыстар, тағылымдамалар ұйымдастыру шеңберінде ғалымдармен және мамандармен алмасу туралы байланыс орнатылды. Музейаралық байланыста мақсаттарымыз айқындалып қана қоймай, жүзеге асырылып және нәтижелі болатынына сенім артамыз.




