Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «ҚР Мемлекеттік орталық музейі» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қол қойылған құжат аясында музей қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы, мәдени іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу секілді көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылатын болады.
Кәсіби тәжірибе алмасуға қолдау көрсеткен Мемлекеттік орталық музей директоры Рашида Ерімқызына және ұжымына алғыс білдіреміз.




