“Үш қоңыр” газетінің басшысы Сарайшықта
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына «Үш қоңыр» газетінің директоры Болат Батыр мырза келіп, музей жәдігерлерімен, топограф А.Алексеевтің сызбасы негізінде жасалған ортағасырлық Сарайшық қаласының цитаделі макетімен танысты. Газет басшысы Сарайшық туралы жаңалықтарды республика халқына жеткізіп отыру мақсатында «Үш қоңыр» газетінде мақалалар жариялап отыруға ықылас білдірді.





