«Ұлы Дала Рухы» атты әскери-патриоттық сайыс

🇰🇿 Бүгін «Сарайшық» музей-қорығының аумағында Жеңіс күні қарсаңында «Ұлы Дала Рухы» атты әскери-патриоттық сайыс өтті.
🔷Сайысқа 4 команда қатысып, өзара үздіктерді анықтады:
🔹 “Сарайшық” музей-қорығының «Аманат» тобы;
🔹 Ауыл жастарынан құралған «Бірлік» командасы;
🔹 Сарайшық орта мектебінің «Жас қыран» өрендері;
🔹 Колледж ұжымының «Колледж сарбаздары» құрамасы.
⚜Қатысушылар саптық дайындық, АК-74 автоматын шашу-жинау, газқағар кию және жаралыны тасымалдау кезеңдерінен өтті.
💪 Кір тасын көтеру мен арқан тартыс кезеңдері көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар марапатталып, ерлік пен бірліктің үлгісін көрсетті.




