Уақыт қойнауынан табылған қазына
”Сарайшық” музей-қорығының көне жәдігерлерді қалпына келтіруші маманы Отарбай Кендір Сарайшықтағы #1 қазбадағы балық кәсіпшілігі орнынан табылған ірі көлемді қыш ыдыстарды қалпына келтірумен айналысуда. Балық тұздауға пайдаланылған үлкен 8 құмыра сақталуы өте нашар жағдайда топырақтан аршылып алынды. Жәдігерлер тазаланып, залалсыздандырылып, әр сынығын орнына қою арқылы мұқият қалпына келтіріледі.




