Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Түркістанда жерленген тұлғалар мәселесі талқыланды

Түркістанда жерленген тұлғалар мәселесі талқыланды

2021 жылы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен «Түркістан қаласындағы қазақ хандары мемориалы» мәселесіне байланысты еліміздің белгілі тарихшыларымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Қаралған басты мәселе Түркістанда жерленген қазақ хандарының туған, өмірден өткен жылдарын, ел басқарған кезеңдерін анықтау және оларды мемориалға дайындау болды. Жиынды вице министр Н.М. Дауешов жүргізді. Жиын барысында ҚР ҰҒА академигі т.ғ.д., профессор Б. Көмеков, ҚР ҰҒА академигі т.ғ.д., профессор Б. Кәрібай, т.ғ.д., профессор М. Абусейтова, т.ғ.д., профессор Б.Аяған, т.ғ.д., профессор З. Самашев, т.ғ.д., профессор Ж. Таймағамбетов, т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар, т.ғ.д. У. Ахметова, т.ғ.д. А.Ахмет, т.ғ.д., профессор З. Кабулдинов, т.ғ.к., профессор А. Исин сөз сөйледі. Сарайшық музей қорығы директоры, қазақ хандығы тарихының маманы т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар «…қойылатын 21 тақтаға Қазақ хандығының Түркістанда жерленген Аға хандарды (саны 6-7), барша қазақ мойындаған би, батырларды енгізуді, оларды нақтылау үшін Тарих институты немесе Қазақ Ұлттық Университетіне тапсыруды ұсынды». Сонымен бірге соңғы жылдары Есім ханның Ташкентте жерленгені туралы ақпараттың тарағаны, оған мән берудің маңыздылығын алға тартты. Ә. Мұқтар «бүгінге дейін Қазақ хандарына байланысты осындай талқылаудың болмағанын, сондықтан оларға нақты жауап беру қажет», – деген ойын жеткізді.