Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Туған өлкем – өзіңе өлең-жырым” шығармашылық кеші

Бүгін Сарайшық сапар орталығында “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Сарайшық мәдениет үйі және Сарайшық ауылдық кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен ҚР Журналистер Одағының мүшесі, “Екі ғасырмен егіз өрілген ғұмыр” республикалық әдеби байқауының лауреаты, ақын Тарас Манапұлы Наурызәлінің 60 жасқа толуына орай “Туған өлкем – өзіңе өлең-жырым” атты шығармашылық кеші өтті. Шараға Қазақстанның Құрметті журналисі, халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Төлеген Жаңабайұлы, мәдениет саласының ардагері Амангелді Есенғалиев, тілші Дәулетқали Аруев, ауыл ардагерлері, ауыл мекемелерінің қызметкерлері, ақынның отбасы мен достары қатысты.