Тәжірибе алмасу

Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының «Ұлы Дала елі» орталығында Музей мамандарының Жазғы мектебінің ашылу салтанаты өтті. Жазғы мектептің алғашқы күні ҚР мемлекеттік Орталық музейінің директоры Р. Е. Харипованың «Біздің команда: проблеманы еңсеру арқылы жетістікке жету жолдары» тақырыбындағы дәрісімен басталды. Сонымен қатар, музей ісінің қор сақтау бөліміне қатысты және ғылыми жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы дәрістер оқылып, музей саласының түрлі бағытындағы мамандар қатысушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті.
![]() |
![]() |





