Тәжірибе алмасу және ұжымаралық байланыстарды нығайту
Бүгін, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы” РМҚК директор орынбасары Ж.Диярова тәжірибе алмасу мақсатында арнайы іссапармен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің “Таңбалы” мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығына барды. “Таңбалы” музей қорығының ғылыми – зерттеу бөлімінің басшысы Қуаныш Мұхатұлы Нұрмақсұтов жылы шыраймен қарсы алып, көрме залдарын, Таңбалы тастарын көрсетіп, Таңбалы сапар орталығының жұмысымен таныстырды. Іссапар барысында музей-қорықтар арасындағы тәжірибе алмасуда ұжымаралық байланыстарды нығайту туралы, музей саласындағы ортақ жұмыстар айтылды.
Әріптестік байланысқа қолдау көрсеткен “Таңбалы” музей-қорығының директордың міндетін атқарушы Алмас Мәдиұлы Сарбасовқа және ұжымына алғыс білдіреміз.




