Тәуелсіздік бәрінен қымбат
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Egemen Qazaqstan” газетінде “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласы жарияланды. Көлемді мақалада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, шекара жайы, ауқымды бағдарламалар, жер мен тіл жайы, т.б. маңызды дүниелер қозғалған. «Таным мен тағылым» деп аталатын екінші бөлімде тарихты түгендеп, келер ұрпаққа қалдырар «Мәдени мұраға» басымдық берілген. Президент азаттықтың ақ таңы оңай келмегенін айта келе, осы құндылықты бағалай білу үшін жаңа ғылыми ұстанымдар мен жаңалықтардың негізінде тыңнан жазылған Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керек екенін айтып, тарихшы ғалымдарға үлкен сенім артты. Сондай-ақ, қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын әлемге таныту үшін шетел аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынды. Барша жұрттың, әсіресе, жас ұрпақтың тарихи санасы айқын әрі берік болу үшін құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырды.
Осы мақалаға байланысты еліміздің мәдениет саласына үлкен міндеттер алға қойылып отыр. Ел Президентінің мақаласын қолдай отырып, еліміздің тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде “Сарайшық” музей-қорығы өз үлесін қосады деп нық сенім білдіреміз.
Сілтеме: https://egemen.kz/…/260146-tauelsizdik-barinen-qymbat…




