«Тарихи-мәдени мұра объектілерінің инфрақұрылымын дамыту және туристік аймаққа айналдыру» атты 3-секцияның отырысы өтті.

Атырауда өтіп жатқан «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» халықаралық ғылыми симпозиумы аясында «Тарихи-мәдени мұра объектілерінің инфрақұрылымын дамыту және туристік аймаққа айналдыру» атты 3-секцияның отырысы өтті.
Секцияда тарихи-мәдени мұраны сақтау, туризм инфрақұрылымын дамыту және музей-қорықтардың әлеуетін арттыру бағытында маңызды пікірлер ортаға салынды.
Модераторлар:
• Нұрлыбай Болатбек Нұрлыбайұлы, «Визит Атырау» туристік ақпараттық орталығының директоры
• Султанова Ляззат Талгатовна, «Визит Атырау» туристік ақпараттық орталығы директорының орынбасары
Баяндамашылар:
• Султанова Ляззат Талгатовна, «Визит Атырау» туристік ақпараттық орталығы директорының орынбасары
• Исмайлова Зумруд, Әзербайжан Ұлттық тарих музейінің Халықаралық байланыстар және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі
• Гасанов Нурлан, «Көне Шәмкір қаласы» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры
• Найманбаев Бекмұрат Рахымбердіұлы, тарих ғылымдарының докторы, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры
• Исабек Баршагүл Қашқынқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры
• Исмаилов Серікжан Сағындықұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті кафедра меңгерушісі
• Жұмабаев Амангелді Жеңісұлы, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғалым хатшысы, археолог, магистр
• Елешова Гүлжан Мырзагерқызы, «Туған жер» туризм, экология және аймақтану клубының төрайымы
• Кузекешева Гүлжан Тұрғанқызы, «Нұрлы тал» этнопаркі жобасының авторы
• Меңдігереев Көпжасар Болатұлы, тарих ғылымдарының кандидаты.
![]() |
![]() |





