Тарих үнін жеткізген Ноғай қобызы – енді Сарайшық қорында!
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұйымдастырылып жатқан «Музейге сый» акциясы аясында музей қоры тағы бір құнды жәдігермен толықты.
Қобызшы, өнертану кандидаты, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ақнар Тәттібайқызы Шәріпбаева музей-қорыққа Ноғай қобызын сыйға тартты.
Ноғай қобызы – түркі халықтарының ортақ рухани мұрасын айшықтайтын, ғасырлар қойнауынан жеткен көне музыкалық аспаптардың бірі. Бұл бірегей жәдігер Сарайшықтың Алтын Орда, Ноғай Ордасы және Қазақ хандығы тарихымен сабақтас бай мәдени мұрасын танытуда ерекше маңызға ие.
Құнды сый музей қорын толықтырып қана қоймай, келушілерге халқымыздың дәстүрлі музыка өнері мен тарихи мұрасын тереңірек таныстыруға мүмкіндік береді.




