Танымал суретші музей-қорыққа жәдігерлер табыс етті
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жәдігерлер қоры тағы бір өнер туындысымен және жиырмадан астап кітаппен толықты. Бұл сыйды танымал суретші Отарбай Кендір жасады. Сыйға тартылған кітаптардың ішінде суретші туындыларының жинағы да бар. Сондай-ақ, Атырау қаласындағы «Иманғали» мешіті бейнеленген гобелен де ерекше атауға тұрарлық. Суретшінің шығармашылығында Сарайшыққа арнаған бірнеше туындылар бар. Қазіргі кезде музейде суретші-реставратор болып еңбек етіп жатқан Отарбай Кендір музей қорындағы жәдігерлерді қалпына келтірумен айналысуда.




