Сарайшықтың тарихи мұрасы халықаралық деңгейде танылуда!

«Сарайшық» музей-қорығының ғалымдарының АҚШ Конгресі кітапханасына тапсырған ғылыми еңбектері ресми түрде электрондық каталогқа енгізіліп, әлемнің ең ірі кітапханаларының бірінің сайтында жарияланды. Бұл тамаша жетістік Сарайшық тарихы мен Ұлы дала мәдениетін зерттеуге арналған еңбектердің ғылыми құндылығын растаумен қатар, халықаралық ғылыми қауымдастықта бұл тақырыптарға деген қызығушылықтың өсуін айғақтайды.
Енді бұл зерттеулер әлемнің кез келген жеріндегі зерттеушілер мен оқырмандар үшін ортағасырлық Сарайшық қаласы және Қазақстан тарихын тереңірек білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар біздің тарихи мұрамызды әлемдік ғылыми кеңістікте кеңінен насихаттауға жол ашады. Бұл еліміз үшін өте мақтанышты сәт және ғылыми зерттеулерді жалғастырып, тарихи мұраны сақтау және болашақ ұрпаққа насихаттау жолындағы үлкен жауапкершілік.




