Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшықтың өзекті мәселелері көтерілді

Сарайшықтың өзекті мәселелері көтерілді

2022 жылғы 15 наурызда Сарайшық ауылында Махамбет ауданы әкімі Ринат Бауыржанұлы Жанқылыштың және ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы Марат Несіпқалиұлы Иғалиевтың қатысуымен арнайы жиын ұйымдастырылды. Жиында Сарайшықта салынып жатырған сапар орталығының құрылысы және музей экспозициясы, Сарайшықта Қасым ханға ескерткіші орнату, қала орнында ғылыми зерттеулер – археологиялық ізденістерді дамыту, тарихи ескерткішті сақтау және қорғау мәселелері талқыланды.