Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшықтың даму жоспары талқыланды

Бүгін, 10 қаңтарда Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Сарайшықтың даму жоспары жөнінде жиын өтті. Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы К. Сейітова, Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының директоры Ә. Жоламан, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, т.ғ.к. А. Оңғар, “Қазқайтажаңарту” РМК бас директоры М. Бигельдиев, “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар және ғалымдар мен облыстық мәдени мекеме басшылары қатысты.