Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшықты туристік дамыту жолдары талқыланды

Сарайшықты туристік дамыту жолдары талқыланды

1 қазанда Сарайшыққа арнайы іссапармен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Қ.С. Садуақасов пен урбанистика, туризм саласындағы маман архитектор А.К. Садуов келді.

«Сарайшық» музей-қорығымен, археологиялық қазба орындарымен және сапар орталығы құрылысымен танысқан қонақтар жергілікті басқару органдары басшыларымен, туризм саласы мамандарымен кеңесе отырып, туристік инфрақұрылымның оңтайлы жолдарын қарастырды. Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қ.Бекбаева, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары С.Аманшиева, Махамбет аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Салиев, Сарайшық ауылының әкімі Ж.Пазулов, «Сарайшық» музей-қорығының директоры Ә.Мұқтар, археолог А.Тұрарұлы далалық кеңеске қатысып, Сарайшықтың туристік-рекреациялық ресурстары бойынша пікірлерін ортаға салды. «KazakhTourism» ҰК» АҚ мамандары туристік нысандарды бір бағытта жүйелі орналастыруға баса назар аудару қажет екенін атап өтті.