Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшықты насихаттайтын 6 жарнамалық безендіру сипатындағы бильбордтар орнатылды.

«Сарайшық» музей-қорығы Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасына алғыс білдіреді.
2019 жылы Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы ортағасырлық Сарайшықта туризмді дамыту мақсатында айтарлықтай істер тындырды. Бұл мекеменің қолдауымен 2019 жылы 1-5 қазан аралығында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы республикада алғашқы боп Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Жошы Ұлысы-Алтын Орда астаналары: Сарайшық – Сарай-Бату – Сарай-Берке қалалары ізімен» атты халықаралық экспедиция ұйымдастырды. Экспедиция барысында Астрахан облысында орналасқан Алтын Орда хандары жерленген Лапас қорымында, Сарай-Батуда, Волгоград облысындағы Сарай-Беркеде, Мамай қорғанында болып ғылыми зерттеулер жүргізді. Сарайшық музейіне Алтын Орда жәдігерлері өзара салыстыруға және сабақтастықты анықтауға әкелінді. Экспедиция барысында Ресей ғалымы, Алтын Орда маманы Е.Пигаревпен кездесу ұйымдастырылды, Астрахан, Волгоград музейлерімен әріптестік байланыс орнатылды. Ең бастысы болашақ туризмді дамыту мақсатында астрахандық «Дария-тур», «Актив-тур» туристік компанияларымен келісімшарт жүзеге асты.
Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы желтоқсан айында республикалық Атырау-Орал тас жолы, Сарайшық ауылына кірер тас жол бойына ортағасырлық Сарайшықты насихаттайтын 6 жарнамалық безендіру сипатындағы бильбордтар орнатты. 3 бильборд 3х9 м., 3 бильборд 3х6 м көлемде дайындалды. Бильбордтарда «Сарайшық – Қазақ Елінің астанасы (ХVІ ғ.)», «Сарайшық – Жошы Ұлысы – Алтын Орданың рухани орталығы», «Сарайшық – Европа мен Азияны байланыстырған Ұлы Жібек жолының алтын көпірі», «Сарайшық – Алтын Орда, Қазақ хандығы және Ноғай Ордасы билеушілерінің мәңгілік мекені», «Аңызға айналған Сарайшықтың Аққу көлі», академик Әлкей Марғұланның сөзі «Сарайшық – қолөнершілер орталығы (ХІІ-ХҮІ ғғ.)» атты мәтіндер жазылды. Олар ортағасырлық Сарайшықтың маңызын дәл айшықтап тұр. Сонымен бірге ортағасырлық Сарайшыққа бағыттайтын 10 жолкөрсеткіші дайындалды. Музей-қорық ұжымы Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасының ел үшін жасалған адал қызметтеріне алғысын білдіре отыра, 2020 – Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды. Ерен еңбектеріңіз арқасында Атырау облысының туристік имиджін қалыптастырып және нығайтуға, елімізде туризмнің тұрақты дамуына өздеріңіздің сүбелі үлестіріңізді қостыңыздар. Музей-қорық ұжымы Сіздерге алдағы уақытта биік абырой, еңбекте ерен табыстар тілейді.
Жаңа жыл отбасыларыңызға құт-береке, зор қуаныштар әкелсін.

Игі тілекпен: «Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК.