Сарайшықтан табылған жәдігерлер ғалымдар назарына ұсынылды
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында өткен археологтар мен ғылыми қызметкерлердің басқосуында Сарайшық қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлердің ерекшеліктері мен ғылыми маңызы талқыланды. Ғалымдар жәдігерлердің шығу тегі, жасалу ерекшеліктері, ұқсастықтары мен тарихи кезеңі жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында Ресей Федерациясы Татарстан Республикасы Ғылым академиясының А.Х. Халиков атындағы Археология институтының Ортағасырлық археология бөлімінің ғылыми қызметкері С. Курочкина музей-қорықтың жас ғылыми қызметкерлеріне археологиялық ыдыстарды ғылыми тұрғыдан рәсімдеу тәсілдерін көрсетті. Атап айтқанда, табылған ыдыстың сызбасын дұрыс түсіру, оның пішіні мен құрылымдық ерекшеліктерін графикалық түрде көрсету, сондай-ақ археологиялық материалды ғылыми сипаттамаға сай бейнелеу жолдары түсіндірілді.
Кездесу тәжірибе алмасуға, археологиялық материалдарды зерттеу мен құжаттаудың әдістемелік қырларын меңгеруге және жас мамандардың кәсіби білімін жетілдіруге мүмкіндік берді.
![]() |
![]() |





