Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

САРАЙШЫҚТА ЗАМАНАУИ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҚҰРАЛЫ ҚОЛДАНЫЛДЫ

САРАЙШЫҚТА ЗАМАНАУИ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҚҰРАЛЫ ҚОЛДАНЫЛДЫ

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына заманауи геоақпараттық технологияларға негізделген магниттік градиентометр аппараты сатып алынды.

Магниттік градиентометр – археологиялық ескерткіштер аумағында жер астында орналасқан нысандарды, құрылыстардың іздерін, мәдени қабат ерекшеліктерін және түрлі археологиялық объектілерді қазба жұмыстарын жүргізбей-ақ анықтауға мүмкіндік беретін заманауи ғылыми құрал.

Жаңа жабдықты тиімді пайдалану мақсатында т.ғ.к., археолог А. Пушкарев «Сарайшық» музей-қорығы мен «Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы қызметкерлеріне теориялық және практикалық оқу сабақтарын өткізді. Оқу барысында құрылғының жұмыс істеу принциптері түсіндіріліп, далалық жағдайда пайдалану, алынған деректерді өңдеу және талдау әдістері көрсетілді.

Аталған құрылғыны қолдану өңірдегі археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстарын жаңа деңгейге көтеруге, археологиялық нысандарды бүлдірмей анықтауға және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта заманауи технологияларды пайдалана отырып, тарихи-мәдени мұраны зерттеу және сақтау бағытындағы жұмыстар жалғастыра береді.