Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшықта шеберлік курсы өз жұмысын бастады

Сарайшықта шеберлік курсы өз жұмысын бастады

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұлттық қолөнер түрлерін насихаттау мақсатында қойдың табиғи және өңделген жүнінен текемет және өзге бұйымдар жасап үйреніп, өз бизнесін дамытқысы келетін қыз-келіншектерге арнап шеберлік курстарын ашады. Курсқа жазылып, шеберліктеріңізді шыңдап, сапалы өнім, сәндік бұйым дайындаушы сертификатына ие болуға шақырамыз. Шеберлік курстары ақылы. Курсты Сарайшық музейінің жәдігерлермен таныстырушысы, этнодизайнер, «Асыл мұра» шеберханасының басшысы Ұлболсын Дауленованың шәкірті, «Ақсауле» шеберлер алаңының қолөнер шебері Қабделова Қарлығаш Жақияқызы жүргізеді.

Байланыс тел: 8 (71236) 2 55 06, 8 (702) 976 2925