Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшықта салынатын “Сапар орталығына” жаңаша көзқарас

Атырау облысы әкімдігі ортағасырлық Сарайшыққа салынатын “Сапар орталығына” және оны шынайы туризм аймағына айналдыру мәселелеріне айрықша мән берді. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұйымдастыруымен өткен ел зиялылары, тарихшылары, өлкетанушылары, облыстық құрылыс, архитектура және сәулет, қаржы басқармалары басшылары қатысуымен арнайы мәжіліс өткізілді. Мәжілісте Махамбет ауданы әкімі Р.Джанглишов салынатын “Сапар орталығының “ ортағасырлық үлгіде болуына назар аударған баяндамасы тыңдалды. Оны қолдаған облыс зиялыларының пікірлері облыстық “Атырау” газетінің N 13 (20514) нөмерінде “Сарайшықтағы сапар орталығы ішкі туризмді дамытуға серпін бергені жөн” мақаласында жарияланды.